30 жастағы македониялық шабуылшы Самир Фазли "Тұран" сапына қосылды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлап отыр.
Бұған дейін ол отанында "Шкендия" командасында, Хорватияда "Рудеш" сапында, біраз уақыт голландиялық "Херенвенде" ойнады. Швейцариялық "Виль 1900" клубында да болған.
2011-2012 жылдар аралығы Македония құрамасы үшін жеті матчке қатысқан. Оған дейін жастар құрамасына үнемі шақыртылып отырған.
Еске салайық, "Тұран" ҚПЛ-де бірінші маусымын ойнап жатыр. 19 тур қорытындысы бойынша команда 18 ұпаймен 12-орында келеді.