Футбол
6 наурыз 2020 16:08

Қазақстандық команда Еуропада ойнаған футболшысын қайтарып алды

© KazFootball.kz
Сербиялық футболшы Урош Делич "Қызыл-Жар СК" командасына оралды. Клбутан өткен маусымда кеткен ойыншымен келісімшарт жыл соңына дейін жасалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


32 жастағы жартылай қорғаушы қыркүйекте ирандық "Гохарда" болған. Сонымен бірге, ол "Рад" (Белград), "Металац", "Борац", бельгиялық "Беерсхот", "Эндрахт Алст", шведциялық "Сюрианска", "АФК Юнайтед", словенялық "Копер" сапында өнер көрсеткен.

"Қызыл-Жар СК" командасы үшін ол жалпы 40 ойын өткізіп, үш гол салды және бір ассист жасады, сонымен қоса, 11 ескерту алған.

Айта кетейік, өткен маусымда қызылжарлықтар бірінші лигада жеңімпаз болып, премьер-лигаға шыққан. Қаңтарда команданы молдавиялық бапкер Вячеслав Руснак жаттықтыра бастады.

Петропавл командасына қыстық маусым аралығында Тамаз Цецхладзе ("Торпедо", Кутаиси), Михаил Платика ("Милсами"), Терентий Луцевич ("Гомель"), Игорь Зенькович ("Қайсар"), Берік Шайыхов ("Шахтер"), Витаутас Андрюшкявичюс ("Тобыл"), Иван Маркелов ("Тамбов"), Игорь Губанов ("Слуцк"), Габриэль Энаке ("Астра"), Мусса Коне ("ББ Эрзурумспор"), Мирослав Лобанцев ("Ротор"), Сергей Скорых ("Шахтер") сияқты футболшылар қосылды.