Түркістандық "Тұран" командасы португалиялық Тони Силвамен келісімшарт жасағанын хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
28 жастағы Силва ағылшындық "Ливерпуль" командасының тәлімгері. Сонымен қатар, "Челсидің" жастары сапында ойнаған. Содан кейін Грекия, Португалия, Гвинея-Бисау, Болгария, Түркия және Сауд Арабиясында өнер көрсетті.
2020 жылы Силва "Тараз" командасымен келісімшарт жасады. Жамбылдық команда сапында ол 17 кездесуге қатысып, төрт гол соқты.
Өткен маусымда жартылай қорғаушы "Тобыл" сапында болып, қазақстан чемпионы атанды. Қостанайлық ұжым сапында Тони 34 ойында екі гол салып, екі нәтижелі пас берді.
Қазіргі уақытта ол Гвинея-Бисау құрамасында ойнайды. Осы уақытқа дейін ол ұлттық құрамасы сапында 14 кездесу өткізген.