Қазақстандық команда "Бенфиканың" экс ойыншысымен сапын күшейтпек

Сурет: playmakerstats.com

Бразилиялық қорғаушы Брайан Сильва Гарсия карьерасын ары қарай "Атырау" сапында жалғастырады,- деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

28 жастағы футболшы атыраулықтардың Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр. Шеткі қорғаушы кейінгі рет армениялық "Алашкерт" командасында ойнаған. 

Сильва бұрын "Америка", "Португеза", "Понта Прета", "Крузейро" және "Витория" сияқты бразилиялық клубтарда өнер көрсеткен. 2013 жылы ол португалиялық "Бенфиканың" екінші командасында ойнады.

Алдағы уақытта "Атырау" бразилиялыққа келісімшарт ұсынатын сияқты. 

Жаңалықтар