Футбол
22 қараша 2021 14:43

Қазақстандық команда бас бапкерімен келісімшартын ұзартпайтын болды

©"Атырау" ФК

Армениялық маман Арам Восканян келесі жылы "Атырау" командасын жаттықтырмайды. Бұл туралы Meta-ratings.kz порталы хабарлады. 

Восканянның "Атырау" командасымен келісімшарты осы жылдың соңында аяқталады. Бірақ клуб басшылары келісімшартты ұзартпайтын болды. Биыл бұл маманның бастамасымен "Атырау" командасы Қазақстан біріншілігінде 11-орын алды. Дегенмен бюджеті "Ақжайық", "Шахтер" және "Каписй" секілді командалардан әлдеқайда жоғары болған еді. 

Клуб басшылары команданың биылғы маусымдағы нәтижесіне риза емес. Сол үшін де Восканянмен жаңа келісімшарт жасамайтын болды. 

Қазіргі уақытта "Атырау" басшылары бірнеше маманмен келіссөз жүргізуде. Олардың ішінде қазақстандық бапкерлер де бар екен. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport