Футбол
5 желтоқсан 2018 14:11
 
Қазақстандық клубтың экс-шабуылшысы жаңа чемпионаттың үздік бомбардирлері тізімін бастап тұр

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық клубтың экс-шабуылшысы жаңа чемпионаттың үздік бомбардирлері тізімін бастап тұр © 100posto.hr

Алматылық "Қайраттың" бұрынғы ойыншысы Леандре Тавамба Сауд Арабиясы чемпионатының үздік бомбардирлері тізімін жалғыз бастап тұр, - деп хабарлайды Vesti.kz. Камерундық шабуылшы осы маусымнан бастап "Аль-Таавун" сапында. 

11-ші тур аясында алаң иелерімен матчте оның команадсы 2:0 есебімен "Аль-Фатты" жеңді. 22-ші минутта Седрик Амисси есеп ашты, ал  68-ші минутта Леандре Тавамба гол салды. Бұл жеңіс арқасында "Аль-Таавун" 18 ұпай жинап, алтыдан бесінші орынға көтерілді.

Осылайша, Тавамба өз активін сегізінші голмен толықытырып, Сауд премьер-лигасында мергендер жарысын жеке өзі бастап келеді.

Айта кетейік, 2016 жылы 28 жастағы футболшы "Қайрат" сапында ойнаған. ҚПЛ-дегі 23 ойында бес нәтижелі пас беріп, төрт гол салды. Чемпионат аяқталысымен футболшымен "1+2" жүйесі ббойынша жасалған келісімшарт тоқтатылды. 

Алматылық клубтан кетісімен форвард сербиялық "Партизанмен" үш жылға келісімшарт жасаты. Мұндағы сәтті ойын арқылы футболшы Камерун құрамасына ілігіп, өзге шетелдік клубтардың қызығушылығын оятты. Алайда 2018 жылы жазда "Партизан" форвардты "Аль-Таавун" клубына сатуды ұйғарды, келісім соммасы 1,4 миллион еуро. Шабылшының өзі сербиялық клубқа 60 мың еуро қарызды кешірді. Футболшының саудиялық клубтағы табысы жылына 1,5 миллион доллар. 

Жарнама

Живи спортом!