Футбол
28 қазан 10:32

Қазақстандық клубтардың әлемдік рейтингтегі орыны белгілі болды

©Vesti.kz

Футбол клубтарының әлемдік рейтингі жаңарып, қазақстандық командалардың қай орында екені анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz. 

Қазақстандық клубтар арасында ең жоғары нәтиже көрсеткен – алматылық «Қайрат». Ол 427-орынды иеленіп, команда қуатының рейтингі бойынша 74,4 пайыздық көрсеткішке ие болды. Бұл индекс Opta жүйесі арқылы есептеліп, клубтың жалпы статистикалық әлеуетін сипаттайды.

Екінші орында – «Астана» (542-орын, 73%), ал үздік үштікті қостанайлық «Тобыл» (712-орын, 71%) түйіндеді.

Әлемдік рейтингтің көшін 100 пайыздық көрсеткішпен «Арсенал» бастап тұр. Ал алғашқы үштікке ПСЖ (98,4%) және «Ливерпуль» (97,5%) кірді.

Үздік ондық қатарына «Манчестер Сити», «Бавария», «Реал», «Барселона», «Челси», «Ньюкасл» және «Астон Вилла» енген.

Айта кетсек, «Қайрат» 2025 жылы тарихи жетістікке қол жеткізіп, алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды және соңғы турда «Астанамен» (1:1) тең ойнап, Қазақстан чемпионы атағын сақтап қалды.

 


Сонымен қатар, қостанайлық «Тобыл» биыл Қазақстан кубогының жеңімпазы атанып, ел футболындағы ең мықты клубтардың бірі екенін дәлелдеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport