Қазақстандық клубтар "Ювентустің" экс форвардына талас жүргізуде

28 қыркүйек 2022 17:50
©"Атырау" ФК

"Атырау" командасының шабуылшысы Андрия Филипович маусым аяқталғаннан кейін клубтан кетуі мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Шабуылшыға ҚПЛ-дің көшбасшы командалары қызығушылық білдіруде. Олардың қатарында "Астана" мен "Ақтөбе" бар. Екі команда да 25 жастағы шабуылшыға келісімшарт ұсынуға дайын. 

Қазіргі келісімшарт бойынша "Атырау" сапында Филипович екі миллион теңгенің айналасында айлық алады. 

Биыл ол ҚПЛ-де 19 кездесу өткізіп, 11 гол соққан. 

Айта кетейік, Филипович 2015 жылы туриндік "Ювентустің" жастар командасында өнер көрсеткен. Кейін ол "Сиене" (Италия), "Горице" және "Муре" (екеуі де Словения), "НАК Бреда" (Нидерланды), сонымен қатар, албаниялық "Партизани" намысын қорғаған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар