Футбол
1 желтоқсан 2022 19:56
 

Қазақстандық клубтар құраманың бұрынғы бапкеріне қызығушылық білдіруде

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық клубтар құраманың бұрынғы бапкеріне қызығушылық білдіруде ©Vesti.kz

Виктор Кумыков Өзбекстанның "Андижан" командасы бас бапкері қызметінен кетеді, деп хабарлайды Championat.Asia порталы. 

blog.share

Виктор Кумыков Өзбекстанның "Андижан" командасы бас бапкері қызметінен кетеді, деп хабарлайды Championat.Asia порталы. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, ресейлік маманға Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін бірнеше команда ұсыныс жасаған. Жуырда ол болашағына байланысты нақты шешім қабылдайды. 

Айта кетейік, 2022 жылғы маусымда Кумыковтың бастамасымен "Андижан" командасы Өзбекстанның Про Лигасында бірінші орын алып, Суперлигаға қайта оралды. 

Еске салайық, Қазақстанда Кумыков 2003 және 2004 жылдар арасында "Қайсар" командасының бас бапкері болды. Сонымен қатар, ол "Шахтер", "Атырау", "Елімай", "Есіл" және "Ордабасы"командаларының жаттықтырушысы болған. Одан бөлек, 2014-2014 жылдары маман Қазақстан құрамасында Юрий Красножанның көмекшісі қызметін атқарған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!