Футбол
27 қазан 2021 11:47
 

Қазақстандық клубтағы дау. Ойыншылар бойкот жариялады

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық клубтағы дау. Ойыншылар бойкот жариялады ©"Тараз" ФК

"Тараз" клубында бапкер мен директорға қатысты дау ушығып тұр, деп хабарлайды "Гол емес" телеграм арнасы.

blog.share

"Тараз" клубында бапкер мен директорға қатысты дау ушығып тұр, деп хабарлайды "Гол емес" телеграм арнасы.

Бұл жолы командадан қақпашылар бапкері кетіпті. "Арслан Сатубалдин "Шахтермен" ойын алдында кетті. Себеп спорт директоры Нұртас Кургулинмен жанжал. Мұның алдында бас бапкер Вардан Минасян да командамен қош айтысқан еді", - деп жазады мәлімет көзі.

Ал "Тень отца Гурмана" мәліметінше, "Тараз" легионерлері бойкот жариялаған.

"Тараз" ойыншылары "Жетісумен" ойынға бойкот жарияламақшы болғанын жазып едім ғой? Бұған клуб жетекшісі Талғат Тұрлыбай ашуланып, мұндай болған жоқ деп еді.

Ал бүгін "Шахтермен" ойынға Карағандыға "Тараз" құрамының жартысынан астамы бармайтыны белгілі болды. Бірінші кезекте ол легионерлер. Команда айлық бермегеніне үш ай болды. Ал клуб базасында жейтін ештең жоқ болғандықтан, футболшылар өз беттерінше әр жерден тамақтанып жүрген көрінеді", - делінген хабарламада.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!