Қазақстандық клубқа жаңа директор конкурс арқылы таңайындалды

Сурет: "Каспий" ФК
Ақтаулық "Каспий" футбол клубының жаңа директоры Санжар Сейітқазинов болды, - деп хабарлайды KazFootball.kz.

Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы жариялаған конкурс қорытындысы бойынша, "Каспий" кәсіпқой футбол клубының директоры қызметіне Сейітқазинов Санжар Дүйсембайұлы тағайындалды. 

Сейітқазинов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті мен Мәскеудегі RMA бизнес мектебін тәмәмдаған. ҚР самбо федерациясында коммерциялық директор болған. Кейінгі жұмыс орны Rodes Tech ЖШС, директор қызметінде.

Айта кетейік, Сейітқазинов 2018 жылдан бері ақтаулық клубтың алтыншы директоры. 
Жаңалықтар