Қазақстандық клуб трансферлік кезеңнің бірінші күні легионермен қоштасты

Лукаш Дроппа. Сурет: "Шахтер" ФК
Қарағандылық "Шахтердің" жартылай қорғаушысы Лукаш Дроппа команда сапынан кетті, - деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

30 жастағы чехилялық "кеншілер" сапына былтыр жазда қосылып, 24 матчта ойнады. Жалпы ойын уақыты 2027 минут.

"Тамаша жұмыс үшін Лукашқа рахмет. Карьерасында табыс тілейміз. Жаңа, жарқын және ұлы жеңістерге жетсін!" - дейді "Шахтер" ФК спорт директоры Мұрат Тілешев.

Айта кетейік, бүгн, 26 маусым Қазақстанда трансферлік кезең ашылды. Команда сапына футболшылар алу 24 шілдеге дейін жалғасады.
Жаңалықтар