Қазақстандық клуб сапынан соңғы шетелдік ойыншы кетті

©"Ордабасы" ФК

Тәжікстандық жартылай қорғаушы Мухаммаджон Рахимов "Ордабасы" сапынан кеткен соңғы шетелдік ойыншы болды, деп хабарлайды Kaz-football.kz.

23 жастағы ойыншы соңғы уақытқа дейін шымкенттік клуб аумағында болды. Ал қазір ол Қазақстанға келгенге дейін ойнаған душанбелік "Истиклол" сапына қосылды. 

Рахимов "Ордабасыға" былтыр шілдеде қосылған. Содан бері шымкенттік командамен он матч өткізіп, бір гол салды және бір нәтижелі пас берді. 

"Ордабасы" қазіргі таңда маусымға дайындықты Шымкентте өткізуде.

Еске салайық, "Ордабасы" салықтық қарыздан құтылу процесін бастады. Алайда Шымкнеттік клуб ҚПЛ-2022 маусымына сертификат алмады. Клуб 20 ақпанға дейін сертификация талаптарын орныдағаны жайлы құджаттарды өткізу керек болған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport