Қазақстандық клуб сапына екі ойыншыны қосты

Сурет: Football.az

Оралдық "Ақжайық" екі ойыншыны сапына қосқанын ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Орал қаласының командасы қақпашы Степан Сикачпен келісімшарт жасады. 32 жастағы ойыншы молдовалық футбол түлегі, карьерасын "Шерифте" бастаған, кейін Ресейде "Ахмат", "Салют", "Волгарь", "Торпедо" мен "Афипс", грузиялық "Колхети-1913", "Динамо" (Тбилиси) және "Самтредиа" клубында ойнады.

Ол ФНЛ кубогының иегері (2015), Грузияның күміс жүлдегері (2018) және ел чемпионы (2019).

Соған қоса, "Ақжайық" қорғаушы Лука Имнадзені де сапына қосты. 23 жастағы футболшы грузиялық "Гурия" тәлімгері. Лука "Сабуртало", "Колхети", "Рустави" және "Самтредия" командаларында өнер көрсеткен.

Былтыр вингер әзербайжандық "Сабаил" сапында 13 матч өткізді. 

Еске салайық, "Ақжайық" 18-тур қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионатында төртінші келеді.