Қазақстандық клуб Ресей кубогының иегерін сапына алды

© "Тосно" ФК
Ресейлік футболшы Андрей Буйволов карьерасын қарағандылық "Шахтерде" жалғастырады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Transfermarkt мәліметінше, ойыншымен келісімшарт жыл соңына дейін есептелген.

33 жастағы қорғаушы ойнаған кейінгі клуб "Енисей", бұл командадан ол тамызда кеткен. Сонымен қатар, ол "СКА-Хабаровск", "Балтика", "Тосно", "Волга" (Нижний Новгород) командалары үшін өнер көрсеткен. Ал "Тосномен" 2017/18 маусымында Ресей Кубогын иеленген. 

Футболшы Ресейдің екінші құрамасы үшін үш ойын өткізген (Россия Б немесе Россия-2 ретінде белгілі).

Сонымен қоса, мұның алдында қарағандылық клуб сапына Давид Юрченко ("Енисей"), Усман Мухаммед ("Тамбов"), Александр Кислицын ("Оқжетпес"), Абдель Ламанж ("Қайсар"), Гидеон Баа ("Хонка"), Алию Абубакар ("Олимпик", Донецк), Седрик Куаджа ("Слуцк"), Жереми Манзорро ("Ертіс"), Асланбек Кәкімов ("Ақтөбе"), Арсен Хубулов ("Енисей"), Михаил Бакаев ("Шинник"), Дмитрий Ятченко ("Динамо", Минск), Бауыржан Тұрысбек ("Шахтер", Қарағанды) сияқты ойыншылар қосылды.

Өткен маусымды "Шахтер" тоғызыншы болып аяқтады. Чемпионат соңында ол болгариялық бапкер Николай Костовпен қош айтысты. Оның орнына украиналық Вячеслав Грозный келді.