Футбол
28 ақпан 2020 16:22

Қазақстандық клуб Ресей жастар құрамасы және "Локомотивтің" бұрынғы футболшысымен күшейді

Георгий Бурнаш. © "Факел" ФК
"Ақтөбе" командасы ресейлік футболшы Георгий Бурнашты сапына алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


26 жастағы Бурнаш оң қаптал қорғаушысы, ал қажетті жағдайда ол ортаңғы қорғаныста ойнай алады. Футболшымен келісімшарт жыл соңына дейін жасалған. 

"Локомотив" клубының түлегі 2013-2017 жылдар аралығы теміржолшылардың екінші командасы үшін 25 ойын өткізді. Сонымен бірге, ол "Авангард", "Химки", "Факел" клубтары үшін өнер көрсеткен. Футболшының кейінгі командасы "Тюмень" болған. 

Сонымен қоса, ол Ресейдің жасөспірімдер және жастар құрамасында ойнаған. 

Айта кетейік, 18 ақпанда ақтөбелік клубты Алексей Петрушин жаттықтыра бастады, бұл қызметте ол бір ай ғана істеген өзге ресейлік маман Владимир Маминовты алмастырды.

Өткен маусымда 12 ұпайдан айырылған "Ақтөбе" ҚПЛ-ден бірінші лигаға түсіп қалған еді.