Қазақстандық клуб премьер-лига жалғасатын күнді ресми хабарлады

Сурет: Gol.ru
Петропавлдық "Қызыл-Жар СК" футбол клубы Қазақстан премьер-лигасы жалғасатын күнді ресми құлақтандырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Ресми: OLIMPBET-футболдан ҚР чемпионаты 1 шілдеде қайта жалғасады",  - деп жазыпты клуб әлеуметтік желіде.

Еске салайық, мұның алдында турнир үштен екі айналымға дейін қысқаратыны хабарланған. Бастапқыда матчтер көрерменсіз өтеді. Турнир 16 наурызда тоқтаған болатын, ол уақытқа дейін клубтар екі тур ойнап үлгерді. 

Жаңалықтар