Қазақстандық клуб португалиялық футболшы Наниден бас тартты

© "Қайсар" ФК
Қызылордалық "Қайсар" португалиялық жартылай қорғаушы Наниді жаратпады, - деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

19 жастағы хавбек Түркияда оқу-жаттығу жиындарына жүрген қызылордалық командаға барған. Алайда португалиялық ойыншы "Қайсардың" бас бапкері Стойчо Младеновке өзінің қажеттілігін дәлелдей алмады. 

Нани португалиялық "Лейшойнш" клубының түлегі. Футболшы ойнаған кейінгі клуб Португалияның үшінші лигасындағы "Ногейренш".
Жаңалықтар