Футбол
6 мамыр 2021 15:02
 

Қазақстандық клуб өзін "лақтырған" ресейлік футболшыны жазаға тартты

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық клуб өзін "лақтырған" ресейлік футболшыны жазаға тартты Павел Карасев. Сурет: БАТЭ ФК

Қарағандылық "Шахтер" ресейлік футболшы Павел Карасевқа қарсы істе жеңіп шықты, деп хабарлайды инсайдер Айдын Қожахмет өзінің телеграм арансында. 

blog.share

Қарағандылық "Шахтер" ресейлік футболшы Павел Карасевқа қарсы істе жеңіп шықты, деп хабарлайды инсайдер Айдын Қожахмет өзінің телеграм арансында. 

Былтыр футболшы қарағандылық клубпен келісімшартқа отырып, аяқ-асты Қазақстан чемпионатында ойнаудан бас тартады да, "Тамбовта" қалып қояды. 

Ресейлік футболшы неге бұлай еткені белгісіз. Дегенмен қазақстандық клуб басшылығы бұған көніп қалмады да, ФИФА ұйымына арыз берді. Футболшы бұл істе ұтылды, енді қыруар қаржы төлеуге міндет.

Қазіргі таңда 28 жастағы Карасев борисовтық БАТЭ командасында ойнайды. Ресейде ол "Химик" (Дзержинск), "СКА-Хабаровск", "Анжи" клубтарында өнер көрсеткен.

Жарнама

Живи спортом!