Футбол
Кеше 17:27

Қазақстандық клуб маусым алдында бас жаттықтырушысын ауыстырды

©"Шахтер" ФК

Қарағандылық "Шахтер" клубының бас бапкері Дмитрий Огай қызметінен кетті, деп хабарлайды Vesti.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Огай өз шешіміне қатысты пікір білдіріп, оның орнына кім келетінін де атады.

«Қарағандылық “Шахтерді” басқару туралы ұсыныс алу мен үшін үлкен мәртебе болды. Клубты қайта жандандыруға бағытталған ауқымды жобаға үлес қосу мүмкіндігінен бас тарту мүмкін емес еді. Жауапкершілікті толық сезіне отырып, бұл жұмысқа бар күш-жігерімді салдым. Біз мықты жаттықтырушылар штабын құрдық, маусымалды жиындарды тиімді өткіздік және маусымдағы мақсаттарды орындай алатын команда жасақтадық. Әсіресе құрамда көптеген дарынды жас қазақстандық футболшылардың ойнайтынына қуаныштымын.

Соған қарамастан, жиындар аяқталған соң бірқатар себептерге байланысты қиын шешім қабылдап, басшылықтан қызметімнен босатуды сұрадым. Менің орныма “Шахтердің” аңызы Андрей Финонченко жаттықтырушылар штабын басқарады. Оның жетекшілігімен команда алға қойылған міндеттерді орындайтынына сенімдімін.

Клубқа сәттілік тілеймін және бірлескен жұмыс пен сенім үшін баршаңызға алғыс айтамын», – деді Дмитрий Огай

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от FC Shakhter Qaragandy (@shakhterfc)

Еске салайық, өткен маусымда "Шахтер" Бірінші лигада төртінші орын алып, Премьер-лигаға қайта орала алмаған еді. 

Дмитрий Огай әр жылдары "Хан-Тенгри", "Жетісу", "Тобыл", "Қайсар", "Нефтехимик", "Қайрат", "Урал", "Тараз", "Ертіс" және әЕсиль-Богатырьә клубтарын жаттықтырған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport