Қазақстандық клуб Қырғызстанның төрт дүркін чемпионын ұтты

Сурет: "Каспий" ФК

"Каспий" футбол клубы Түркиядағы бақылау ойынында қырғызстандық "Алай" командасын ұтты,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Антальяда өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз голды Бекзат Қабылан салды.

 "Алай" - Қырғызстанның төрт дүркін чемпионы (2013, 2015, 2016, 2017), ал "Каспий" өткен маусымда оныншы болып, ҚПЛ-де тұрақтай алған еді.

ҚПЛ-2021 наурызда басталады, бірінші тур екі күнге бөлінген, 14 наурыз "Каспий" "Ақтөбемен" ойнайды.

Жаңалықтар