Футбол
4 ақпан 2021 11:55
 

Қазақстандық клуб Қырғызстан құрамасының шабуылшысын сапына қосты

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық клуб Қырғызстан құрамасының шабуылшысын сапына қосты Сурет: "Қызыл-Жар СК" ФК

Петропавлдық "Қызыл-Жар СК" 22 жастағы қырғызстандық шабуылшы Эрнест Батыркановты сапына қосқанын хабарлады.

blog.share

Петропавлдық "Қызыл-Жар СК" 22 жастағы қырғызстандық шабуылшы Эрнест Батыркановты сапына қосқанын хабарлады.

Жас форвард 2010 жылдан бері "Дордой" клубының балалар командаларында ойнаған. 2016 жылы "Дордоймен" үлескер "Ала-Тоо" сапында Қырғызстанның жоғары лигасында өнер көрсете бастады. 

2017 жылы "Дордойға" оралып, клубтың екінші командасында ойнады. Ал 2018 жылы "Дордойдың" негізгі құрамына қосылып, Қырғызстан чемпионы атанды және ел кубогын жеңіп алды. Сонымен қоса, 17 голмен сұрмергендер тартысында үшінші болды. Қырғызстан құрамасы үшін алты матч өткізді. 

Жарнама

Живи спортом!