Қазақстандық клуб Көкеевке ұсыныс жасады. Ал Жолшиев ол командаға бармады

Сурет: KazFootball.kz

Нұр-Сұлтан қаласындағы SD Family жекеменшік футбол клубы Жамбыл Көкеевке ұсыныс жасады. Бұл туралы Meta-ratings.kz хабарлап отыр.

Қазіргі таңда 32 жастағы жартылай қорғаушы еркін агент. Мұның алдында ол "Тараз" сапына қосыла алмады.

SD Family басшылығы Көкеев командада көшбасшы болып, жас футболшыларға жол көрсете алады деген ойда.

Бір ай бұрын клуб Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Бауыржан Жолшиевке де ұсыныс жасаған. Алайда ол командаға бармады. 

Жақын арада SD Family командасын Олег Сабиров жаттықтыра бастайды.