Қазақстандық клуб жастар арасындағы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегерін сапына қосты

Владимир Хващинский. Сурет: "Шахер" ФК (Cолигорск).

"Каспий" командасы минскілік "Динамо" шабуылшысы Владимир Хващинскийді маусым соңына дейін жалға алды. Бұл туралы "Белорусский Футбол" телеграм-арнасы хабарлап отыр.

Қазақстан чемпионатына келмес бұрын 31 жастағы ойыншы отанында "Минск", "Шахтер" (Солигорск), "Динамо-Брест" командаларында өнер көрсеткен.

Сонымен бірге, ол Беларусьтің жасөспірімдер мен жастар құрамасында ойнады. Елдің ұлттық командасы үшін төрт матчке қатысқан. Жастар құрамасы сапында Данияда өткен 2011 жылғы Еуропа чемпионатында қола жүлдегер болған. 

"Каспий" 19-тур қорытындысы бойынша ҚПЛ-дің турнир кестесінде 24 ұпаймен сегізінші келеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport