Қазақстандық клуб жаңа маусым алдында грузиялық ойыншыны сапына қосты

©sportal.blic.rs

Қарағандылық "Шахтер" грузиялық қорғаушы Антон Толордавамен келісімшарт жасады, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. 

26 жастағы футболшы кейінгі рет сербиялық "Раднички" (Ниш) командасында ойнаған.

Сонымен қоса, ол карьерасында грузиялық "Телави" және эстониялық "Левадияда" өнер көрсеткен.

ҚПЛ-дің бірінші туры 4-5 наурызда өтеді. "Шахтер" сырт алаңда "Астанамен" ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport