Қазақстандық клуб футболшыларының айлығы ең төменгі деңгейге дейін қысқартылған

Сурет: "Ертіс" ФК
Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Смақов "Ертіс" футболшыларына еңбекақыны қысқарту мәжбүрлі шара екенін мәлімдеді. Бұл туралы Vesti.kz редакциясының сауалына әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады. 

Еске салайық, наурыз ортасында "Ертіс" барлық қызметкерлеріне, соның ішінде футболшылрға да ресми түрде еңбекақылары ең төменгі деңгейге дейін (42 500 теңге) қысқартылғанын хабарлаған. Осыдан кейін бапкерлер штабы мен футбол орталығының қызметкерлері мәселені шешуін сұрап, облыс әкіміне хат жолдаған. 

"Құрметті "Ертіс" клубының ойыншылары мен қызметкерлері! Жағдайға байланысты алаңдаушылықтарыңызды түсінемін. "Ертіс" ФК басшылығының ақпаратынша, жиналған қарыз бен демеушілік көмектің қысқаруына байланысты клуб қаржылық қиындық көріп жатыр. Қазір клубта қаржылық аудит аяқталып, оның құқытық түрде бағамдау жүріп жатыр. Процедуралар аяқталған соң, шешім қабылданады. 

Клуб басшылығының хабарлауынша, клубтың қаржылық қиындықтарын ескере келе, спорттық шаралар мен еңбек келісімшарттарын тоқтату қазіргі таңдағы мәжбүрлі амал болды.

Өз тарапымнан клуб қана емес, бүкіл ел үшін қиын уақытта шыдамдылық танытуларыңызды сұраймын", - делінген хабарламада.