Қазақстандық клуб футболшылар айлығын екі есе қысқартты

Сурет: "Қайсар" ФК
Қазақстанның бірінші лигасындағы "Байқоңыр" футбол клубының ойыншылары мен бапкерлерінің айлығы 50 пайызға қысқартылды, - деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Алайда бұл команда ойыншыларының айлығы 200-400 мың теңгеден аспайтынын айта кету керек. 

Ұжым бұл жаңалықты жақтырмай қабылдады, бұл "Байқоңыр" футболшылары "Қайсармен" бақылау матчінде байқалды. Фарм-клуб кездесудің бірін 0:9 есебімен ұтылды. Келесі матчте "Байқоңыр" ойыншылары есін жиып, негізгі командаға қарсы бар күшін салды да, 3:5 есебімен ұтылды. 

Еске салайық, футболдан Қазақстан чемпионаты 1 шілдеде басталады, ал бірінші және екінші лига жарысты тек 1 тамызда жалғастыра алады.