Алайда бұл команда ойыншыларының айлығы 200-400 мың теңгеден аспайтынын айта кету керек.
Ұжым бұл жаңалықты жақтырмай қабылдады, бұл "Байқоңыр" футболшылары "Қайсармен" бақылау матчінде байқалды. Фарм-клуб кездесудің бірін 0:9 есебімен ұтылды. Келесі матчте "Байқоңыр" ойыншылары есін жиып, негізгі командаға қарсы бар күшін салды да, 3:5 есебімен ұтылды.
Еске салайық, футболдан Қазақстан чемпионаты 1 шілдеде басталады, ал бірінші және екінші лига жарысты тек 1 тамызда жалғастыра алады.