Қазақстандық клуб еуропалық құраманың қақпашысын сапына қосқанын хабарлады
©transfermarkt.ru
"Каспий" футбол клубы 23 жастағы қақпашы Ристо Янковпен келісімшарт жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Каспий" футбол клубы 23 жастағы қақпашы Ристо Янковпен келісімшарт жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Дегенмен келісімнің мән-жайы айтылмады. Ал Transfermarkt мәліметінше, құжат 2024 жылға дейін жарамды екен.
Солтүстік Македоня құрамасының кейінгі ойнаған клубы - скопьелік "Работнички". Футболшы елінің жастар және жасөспірімдер құрамаларында ойнаған. Сонымен қоса, ол Солтүстік Македония құрамасымен Еуро-2020 турниріне қатысқан болатын.
Ал "Каспийдің" бірінші қақпашысы Марко Милошевич "Астана" сапына ауысып кеткен еді.
Жарнама