Қазақстандық клуб еуропалық құраманың қақпашысын сапына қосады

©Vesti.mk

Солтүстік Македония құрамасының қақпашысы Ристо Янков карьерасын Қазақстанда жалғастыратын болды. Футболшы "Каспий" командасына қосылады, деп хабарлайды sportmedia.mk.

23 жастағы голкипер ақтаулық клубпен келісімшарттың мән-жайын талқылап қойған. Сонымен қатар, ойыншыға Сербия мен Болгария клубтары да қызығушылық танытып отыр, дегенмен, қазіргі таңда қақпашы үшін ең оңтайлысы қазақстандық команда болып тұр екен.

Қақпашы ойнаған кейінгі клуб скопьелік "Работнички" болды. Футболшы елінің жастар және жасөспірімдер құрамаларында ойнаған.

Ал "Каспийдің" бірінші қақпашысы Марко Милошевич "Астана" сапына ауысып кеткен еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport