Футбол
27 маусым 2019 14:38

Қазақстандық клуб Еуропа Лигасында тәжірибесі бар футболшыны сапына қосты

© "Шахтер" ФК
Қарағандылық "Шахтер" 29 жастағы сербиялық жартылай қорғаушы Милош Видовичпен келісімшарт жасады.

Видович ойнаған соңғы клуб "Славен". Сонымен қатар, ол босниялық "Олимпик" пен хорватиялық "Сплит" сапында өнер көрсеткен. Соңғы аталған клубта хавбек Еуропа Лигасы іріктеу раундында ойнаған.

"Кеншілер" сапында Видович 25 нөмірінде ойнайды.

"Милошты отбасымызды қарсы алуға қуаныштымыз. Ойыншы сұранысымызға толық жауап береді. Сонымен бірге, Милош - әмбебап футболшы, бірден екі позицияда ойнай алады - негізгі жартылай қорғаушы және ортадағы қорғаушы. Жаңа ойыншымызға сәттілік пен "Шахтер" сапында үлкен жеңістер тілейміз", - дейді "Шахтер" ФК спорт директоры Мұрат Тілешев.