30 жастағы Куталия "Динамомен" келісімшартын ұзартпай, павлодарлық "Ертіспен" оқу-жаттығу жиындарына кетті. Футболшы жиын кезінде Қазақстандық клубпен келісімшартқа қол қоюы мүмкін. Ал Transfermarkt мәліметінше, ойыншының тарнсферлік құны 300 мың еуро.
Сонымен қатар, форвардты Мажарлық клубтардың бірі шақырып отыр. Дегенмен, "Динамо" жақсартылған келісімшарт арқылы бомбардирін сақтап қалғысы келеді.
Өткен маусымда шабуылшы "Динамо" үшін 33 матчте 20 гол соқты да, осы арқылы Грузия чемпионатының ең мықты бомбардирі атанды. Куталия отанында кутаистік "Торпедо", "Шукуру" мен "Зугдиди" командаларында ойнады.