Футбол
19 мамыр 2025 09:27

Қазақстандық клуб ешбір легионерсіз сенсациялық жеңіске жетті

©"Қайсар" ФК

Қызылордалық "Қайсар" ҚПЛ-2025 маусымының тоғызыншы туры аясында түркістанның "Тұранын" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қызылордада өткен кездесуде "Тұран" фаворит саналғанымен, алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Жалғыз гол 78-минутта пенальтиден соғылды. Алаң иелерінің шабуылшысы Айбар Жақсылықовтың алғашқы соққысы сәтсіз аяқталды – "Тұран" қақпашысы Егор Хаткевич пенальтиді қайтарып үлгергенін айта кетейік.

Алайда, белорус қақпашы ережені бұзғандықтан, төреші пенальтиді қайта орындауға мүмкіндік берді. Бұл жолы Жақсылықов мүлт кетпей, гол соқты.


Айта кетейік, ҚПЛ-2025 маусымында тек қазақстандық ойыншылармен өнер көрсетіп жатқан "Қайсар" бұл маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport