Қазақстандық клуб бір маусымда үшінші бапкерді тағайындап отыр

©ҚФФ

Қазақстандық бапкер Қанат Мұсатаев "Тұран" футбол клубының бас бапкері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қанат Бектілеуұлы футболшы кезінде Қазақстан құрамасы мен елдегі бірқатар клубтарда өнер көрсеткен. Ал бапкер ретінде "Тарлан" мен "Ордабасыда" жұмыс істеді. Сонымен қоса, "Оңтүстік академиясы" мен "Тараз" клубтарында директор болған. 

Мұның алдындағы маман Александр Кучма бапкерлер штабында қалды. Клубқа жаңа маманның келуі Кучмада жоқ, ал Мұсатаевта бар PRO катеогиясында болып отыр. 

Айта кетейік, осы маусымда клуб бірнеше бапкер ауыстырды. Осыған дейін командамен Владимир Газзаев пен Сергей Когай жұмыс істеген.

 "Тұран" 22-тур қорытындысы бойынша турнир кестесінде 11-орында, команда кейінгі 4 матчте ұтылмай келеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар