Софиялық ЦСКА клубының 24 жастағы босниялық жартылай қорғаушысы Хамза Чатакович мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды "Блиц" басылымы.
Дереккөздің хабарлауынша, шабуылдаушы жартылай қорғаушыға Қазақстанның топ-клубтарының бірі қызығушылық танытып отыр. Бұл клубтың басшылығы Чатаковичтің құнын білу үшін ЦСКА-ға хабарласып үлгерген.
Хамзаның өзі негізгі құрамдағы орнынан айырылуына байланысты командасын ауыстырғысы келеді. Дегенмен ЦСКА оның орнына жаңа ойыншы таппайынша, ешқандай шешім шығармайды.