Қазақстандық клуб белоруссиялық футболшыны сапында сақтап қалуға тырысуда

27 желтоқсан 2021 10:13
©"Каспий" ФК

Қазақстандық "Каспий" белоруссиялық қорғаушы Алексей Залескийді сапында қалдырғысы келеді, деп жазады "Родны футбол. Футбол Беларусi" телеграм арнасы.

Ол 2021 жыл басында "Минск" сапынан кетіп, ақтаулық клубқа қосылған.

Қорғаушы барлық турнирде 28 матчке қатысып, бес гол салды. Ал "Каспий" ҚПЛ-2021 маусымын сегізінші орында аяқтады.

"Каспийге" дейін 27 жастағы Залеский отанында "Береза-2010", "Слуцк", "Витебск", "Луч", "Дняпро-МЧС" және Минсктің "Динамосы" сапында өнер көрсеткен. Сонымен бірге, елдің жастар мен жасөспірімдер құрамаларында ойнаған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport