Нигериялық жартылай қорғаушы Чиди Осучукву "Тұран" клубына қасылды, деп хабарлайды түркістандықтардың баспасөз қызметі.
Өткен маусымда 27 жастағы Осучукву "Ордабасымен" 22 матчке қатысты. Оған дейін ресейлік "Томь", белоруссиялық "Динамо-Брест" пен "Рух", португалиялық "Брага" сапында өнер көрсеткен.
Легионер "Ордабасы" басшылығына ұсынылатын келісімшартпен таныспай ешкіммен келісімшартқа отырмауға уәде бергенімен, түркістандықтардың бас бапкері Владимир Газзаевтың шақыртуын қабыл алған екен.