Қазақстандық клуб бас тартқан Армения құрамасының ойыншысын "Тобыл" өз сапына алды

© ArmFootball.com
Vesti.kz ақпаратынша, көкшетаулық "Оқжетпесте" ойнау керек болған Армения құрамасының ойышысы Арман Оганесян қостанайлық "Тобылмен" келісімшартқа отырды. 

Трансфердің мән-жайы айтылмады. Ал көкшетаулық клуб неге футболшыны өз сапына алмағаны белгісіз. 

26 жастағы футбошы отанында "Гандзасар", "Арарат-Армения", "Ширак" пен "Пюник" клубтары үшін өнер көрсеткен. Сонымен бірге, ол Укаринада "Звезда" командасы үшін ойнаған. 

Өткен маусымда Оганесян "Гандзасар" сапында Армения чемпионатындағы 13 матчте бір гол салды.

Армения құрамасы үшін ол үш матчте ойнаған, ал 2013 жылы жастар құрамасы сапында Қазақстанға қарсы екі матчке қатысты. Transfermarkt.de мәліметінше, футболшның трансфері 175 мың еуро.