Футбол
14 ақпан 2020 15:12

Қазақстандық клуб Армения құрамасмының футболшысымен келісімшартты бір ай болмай үзді

© armfootball.am
Армения құрамасының ойыншысы Айк Ишханян талдықорғандық "Жетісудан" кетті. Футболшы клубқа бір ай бұрын ғана келгенімен, келісімшарт екі жақтың келісімімен үзілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Журналист Айдын Қожаехметтің мәліметінше, Ишханянның кетуіне Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында бас бапкер Дмитрий Огаймен жанжалы себеп болған.

30 жастағы футболшы қаңтар соңында талдықорғандық командамен бір жылға келісімшарт жасасқан. "Жетісуға" дейін Ишханян "Алашкертте" ойнады, бұл команда үшін ол Армения чемпионатында он матч өткізді. Футболшы осыған дейін тек Арменияда ойнған. "Алашкерттен" бөлек ол "Лори", "Гандзасар", "Мику", "Импульс", "Ширак" пен "Динамо Ереван" сапында өнер көрсеткен. Сонымен қатар, ол Армения құрамасы үшін 12 матчте бір гол салды.