Қазақстандық клуб африкалық футболшыны қатарына қосты

©"Тұран" ФК

"Тұран" африкалық футболшы Рафаэль Коромамен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды түркістандық клубтың баспасөз қызметі

 22 жастағы қорғаушы Сьерра-Леоненің "Йохансонн" және молдавиялық "Суклея" клубтарында ойнаған.

ҚПЛ-2021 маусымын түркістандық команда 12-орында аяқтады. Маусым аралығында клуб Максим Федин, Азат Нұрғалиев, Александр Клещенко, Седрик Гогуа, Абдуллаи Диакате, Шоқан Абзалов, Чиди Осучуква, Сұлтан Әбілғазыны сапына қосты.

ҚПЛ-2022 маусымы 5 наурызда басталады, бұл күін "Тұран" өз алаңында "Таразбен" ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport