"Атыраудың" Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарына 22 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы Камиль Закиров қосылды,- деп хабарлайды Meta-ratings.kz. Футболшы "Краснодар" академиясының түлегі.
2017 жылғы маусымда орталық жартылай қорғаушы "Анжи" жүйесіне ауысқан, онда бастапқыда дубльде ойнап, кейін 2018/19 маусымында Махачкаланың бас командасында ойнады.
Кейін хавбек қазандық "Рубин" сапында Роман Шароновтың қол астында ойнады. Закиров өнер көрсеткен кейінгі клуб белоруссиялық "Минск".
Еске салайық, 2020 жылғы маусым қорытындысы бойынша "Атырау" бірінші лигадан ҚПЛ-ге оралды. Қыста команда армениялық маман Арам Восканянмен келісімшартты ұзартты.