Футбол
24 маусым 15:17
 

Қазақстандық клуб 12 бірдей ойыншысымен қош айтысты

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық клуб 12 бірдей ойыншысымен қош айтысты ©"Тұран" ФК

Түркістанның "Тұран" футболы клубы 12 легионердің команда қатарынан кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Түркістанның "Тұран" футболы клубы 12 легионердің команда қатарынан кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Командадан төрт белорус - қақпашы Егор Хаткевич, қорғаушы Руслан Юденков және жартылай қорғаушылар Игорь Стасевич пен Василий Совпель кеткен.

Сонымен қатар черногориялық қос ойыншы Йован Пайович пен Горан Милойко да жаңа команда іздейді. Бұған ресейлік екі шабуылшы Костя және Лука қош айтысқан болатын.

Командадағы өзбек футболшылары Шохбоз Умаров, Бехрузбек Аскаров, Хуршид Мухторов және Одылбек Абдумажитовты да шығарып салды. 

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, келісімшарт қос тараптың келісімі нәтижесінде тоқтатылған.

«Жігіттерге біздің клубқа қосқан үлесі үшін алғыс айта отырып, алдағы мансабына сәттілік тілейміз!» - деп жазды Түркістан клубының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта «Тұран» Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде 12-орында тұр. Команда 13 матчта 11 ұпай жинаған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!