Қазақстандық қақпшаы Ресей чемпионатындағы матчте гол жібермей ойнады
©"Қайрат" ФК
Қазақстандық қақпашы Владимир Грошев Ресей чемпионатының екінші дивизионындағы 19-турда "Тюмень" командасына қарсыласпен тең түсуге көмектесті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық қақпашы Владимир Грошев Ресей чемпионатының екінші дивизионындағы 19-турда "Тюмень" командасына қарсыласпен тең түсуге көмектесті, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Тюмень" - "Звезда" (Пермь) матчі 0:0 есебімен аяқталды.
Осы ойыннан кейін түмендіктер 34 ұпаймен турнир кестесінде төртінші, ал пермьдіктер 30 баллмен алтыншы келеді.
Еске салайық, 26 жастағы Грошев Қазақстанда "Қайрат", "Атырау", "Мақтаарал", "Оқжетпес" және елдің жастар құрамасында ойнаған.
Ал ресейлік клубқа жазда өтіп, 2022 жылға дейінгі келесімшартқа қол қойды.
Жарнама