Футбол
24 қазан 19:00
 

Қазақстандық жасөспірім қыздар Еуропа чемпионатына іріктеуді сәтті бастады

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық жасөспірім қыздар Еуропа чемпионатына іріктеуді сәтті бастады ©ҚФФ

Қазақстанның 17 жасқа дейінгі қыздар құрамасы 2025/26 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстанның 17 жасқа дейінгі қыздар құрамасы 2025/26 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Талғарда, ұлттық құрамалар базасында өткен матчта қазақстандықтар Грузия құрамасын 4:2 есебімен тізе бүктірді.

Қазақстан құрамасы сапында Ботагөз Жұмажанова 12 және 14-минуттарда гол соғып, дубль жасады,
Ангелина Остер 28-минутта, Әсел Жолболат 44-минутта көзге түсті.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kazakhstan women’s football team (@kff_women)

Қыздар құрамасы 3-топта өнер көрсетіп жатыр. Келесі матчтарда Қазақстан құрамасы: 27 қазанда — Босния және Герцеговинамен, 30 қазанда — Латвиямен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейінгі ойында Латвия құрамасы Босния және Герцеговинаны 1:0 есебімен жеңген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!