Футбол
22 қаңтар 2020 08:14
 
Қазақстандық Иcламбек Қуат ресейлік команда үшін ойында төбелес шығарды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық Иcламбек Қуат ресейлік команда үшін ойында төбелес шығарды © "Оренбург" ФК

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат Түркиядағы оқу-жаттығу жиынындағы ресейлік "Оренбург" үшін матчте төбелес шығарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Болгариялық "Славияға" қарсы ойынның екінші таймында Исламбек құлап жатқан футболшыдан топты теуіп алмақшы болады, осының салдарынан жанжал шығып кетті. Алайда тараптар бірден сабырға келді. 

Бұл матчте "Оренбург" әр таймда түрлі құраммен ойнады, ал Қуат алаңға үзілістен кейін шыққан. Ойын ресейлік команданың жеңілісімен аяқталды - 2:3.

Бұл Исламбек Қуаттың "Оренбург" үшін ойнаған екінші матчі. Бірінші ойын 16 қаңтар словакиялық "Слованға" қарсы болған - 0:1.

Жарнама

Живи спортом!