Қазақстандық хавбек ойнайтын польшалық клубта бас бапкер ауысты

Сурет: "Висла" ФК

Қазақстандық футболшы Георгий Жуков өнер көрсететін "Висла" командасына жаңа бапкер келді. Бұл туралы польшалық клубтың ресми сайтында хабарланған. 

Словакиялық маман Адриан Гуля краковтық командаға дейін Чехия чемпионатында екінші орын алған "Виктория Пльзеньді" жаттықтырған. 

Еске салайық, Жуков "Висла" сапында 2019 жылдан өнер көрсетіп келеді. Ал Қазақстанда ойнаған соңғы командасы алматылық "Қайрат" еді. 

Маусым қорытындысы бойынша "Висла" 16 команда арасында 13-ші болды. Ал қазақстандық жартылай қорғаушы клуб үшін 25 матчте ойнап, төрт нәтижелі пас берді.

Жаңалықтар