Қазақстандық футбошы РПЛ-дегі клубтың ең қымбат ойыншыларының бірі болды

Дмитрий Шомко. Сурет: "Астана" ФК

Қазақстандық қорғаушы Дмитрий Шомко волгоградтық "Ротор" командасындағы ең қымбат ойыншылардың бірі болды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Transfermarkt мәліметінше, Шомконың трансферлік құны  1,5 миллион еуро. Осылайша, жаңа клубында ол 20 жастағы ресейлік Данил Степановпен бірге үшінші орында. Олардан жоғары грузиялық ойыншылар - 19 жастағы Зураб Давиташвили (2,5 миллион еуро) және 28 жастағы Соломон Кверквелия (3 миллион еуро) тұр екен.

 
Жаңалықтар