Қазақстандық футболшының ЦСКА үшін Еуропа лигасындағы үшінші матчіне тікелей трансляция

Сурет: ЦСКА

Қарашаның алтысына қараған түні Еуропа лигасы топтық кезеңінің үшінші туры өтеді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Сапында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов ойнайтын мәскеулік ЦСКА сырт алаңда голландиялық "Фейеноорд" командасымен кездеседі. Басталуы -  Қазақстан астанасының уақытымен 02:00.

Ойынды Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. Трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді.

Биылғы Еуропа лигасында Зайнутдинов "әскерилер" үшін екі ойынға қатысты. Ал осы маусымда жалпы Ресей премьер-лигасында тоғыз матч ойнап, бір гол салды.