Қазақстандық футболшының ЦСКА үшін Еуропа лигасындағы екінші ойынына тікелей трансляция

Бахтияр Зайнутдинов. Сурет: ЦСКА ФК
Бүгін, 29 қазанда Еуропа лигасы топтық кезеңінің екінші тур ойындары өтеді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан құрамасының футболшысы Бахтиер Зайнутдинов ойнайтын мәскеулік ЦСКА загребтік "Динамо" командасымен кездеседі. Матч Қазақстан астанасының уақытымен 23:55-те басталады.

Ойынға тікелей трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді.

Еске салайық, мұның алдындағы аустриялық "Вольсбергерге" қарсы матчте Зайнудинов Еуропа лигасында ЦСКА үшін бірінші рет ойнады. Қазақстандық футболшы алаңға негізгі құрамда шықты.