Қазақстандық футболшының ресейлік командасы 2022 жылғы бірінші ойында жеңіске жетті

©"Зенит" ФК

Петерборлық "Зенит" жолдастық кездесуде араб әмірліктерінің "Эмирейтс" командасын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл ойынға Қазақстан құрамасының футболшысы Нұрәлі Әліп қатыспағанын айта кетейік. 

Кездесуде есепті бразилиялық Клаудиньо 18-минутта ашты, ал екінші таймда Александр Ерохин дубль жасады (50 және 56-минут). Осылайша, ресейлік команда 2022 жылғы бірінші ойынында жеңіске жетті.

Ал Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұрәлі Әліп клубта бақылаудан өтіп жатыр. Бұл командаға ол "Қайрат" сапынан барды. 

Тransfermarkt футболшыны 1,7 миллион еуроға бағалауда.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport